«Жетісу – адалдық алаңы» аясындағы фронт-офисі  жобасы таныстырылды  

«Жетісу – адалдық алаңы» аясындағы фронт-офисі  жобасы таныстырылды   

Талдықорған қаласы әкімдігі  тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Open space» қағидасы бойынша жұмыс істейтін Фронт-офисін ашу жобасы қолға алды. Бұл туралы қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Жетісу – адалдық алаңы» кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында таныстырды, хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға облыс орталығына жақын қала, аудан әкімдері де қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев жобаның  тиімді тұстарын атап өтті.

– Фронт-офис мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарды бір жерге  шоғырландырып,  тұрғындарға қаланың әр түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздестірмей, бір ғимаратта мемлекеттік қызметтер мен қажетті кеңестер алуға мүмкіндік береді, – деді Серікбай Өрікбайұлы.

Бұл кеңседе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сияқты қаладағы ең сұранысқа ие органдарының өкілдерін орналастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, кеңседе электронды кезек, ыңғайлы орындармен күту залы, кондиционер, суға арналған диспенсер және ақпараттық теледидар сияқты қолайлы жағдайлар жасалады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоңырау шалу, пандус, гигиеналық бөлмелер орнатылған, Брайль шрифтінде жазылған тақтайшалар да жоба бойынша көзделген.

«Open space» қағидасы бойынша жұмыс жүргізудің бастамасын Үштөбе қаласының бүгінде Сарыөзек ауылы мен Жаркент қаласы әкімдері жұмыс істеуде. Алдағы уақытта осындай форматтағы кеңселер облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында енгізілетін болады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях