Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Алматы облысының Текелі қаласында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Аталмыш тұрғын үй құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 айға созылады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты өткен жылы дайындалған. Бүгін де мемлекеттік сараптамаданоң баға алып, керекті қаражат бөлінді.

«Қазіргі таңда қалада көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Қалада 415 көпбалалы және 197 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады.Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады », — дейді қала әкімі БахтиярӨнербаев.

Айта кету керек, дәл осындай 40  пәтерлі 2  тұрғын үйдің сметалық құжаттары дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, келесі жылы тағы да 80 отбасы үйлі болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях