Жасыл ормандарды ұлғайту мақсатында

Жасыл ормандарды ұлғайту мақсатында

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» атты үшінші апталығы аясында Кеген ауданына қарасты Жалағаш ауылындағы орман шаруашлығына 10 мың түп шырша көшеттері отырғызылды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен табиғатты қорғау мекемелерінің бірлесуімен атқарылған жұмыстар еліміздегі жасыл аймақтарды көбейтуге бағытталған, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

– Облыста жасыл желек алаңдарын ұлғайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осының арқасында облыстың орман алқаптары үнемі ұлғаюда.

Орман – біздің баға жетпес байлығымыз! Қазір еліміздің орманды жерлері тұрақты күтім мен қайта түлетуді қажет етеді. Оларды күтіп-баптау осы құнды табиғат байлықтарын күзетіп, жағдайын қадағалап отырған орман шаруашылығы мамандарының ғана емес, барша азаматтардың мойынында. Бүгін жергілікті ақсақалдардың да, мектеп оқушыларының да экологиялық бастаманы қолдауға келгеніне қуаныштымын. Барлығы 10 мың шырша көшеті отырғызылады, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев Кеген ауданында өткен шараны ашқан сөзінде.

Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, осы аптада жоспарға сай 2100 түрлі ағаш отырғызылатын болады.

Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев көшеттердің жағдайы мен суаруы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті. Оның айтуынша, отырғызылып жатқан көшеттерді жасау үшін орман шаруашылығы қызметкерлері көп жұмыс жасаған. Ең алдымен олар жерде жатқан шишкаларды жинап, кептіріп, одан соң тұқымдарды қарға батырған. Кейіннен оны зерттеу үшін зертханаға жіберген. Сондықтан осындай мұқияттылықпен өсірілген көшеттер болашақта кеуіп қалмауы, құстардың шұқылауы немесе зиянкестердің шабуылына ұшырамауы үшін бірнеше жыл бойы бақылауда болады.

– «Мен отырғызған әрбір ағаштан жермен, табиғатпен терең байланысты сезіндім. Бұл жұмыстар жай ғана ағаш отырғызу емес, кішігірім сиқыр секілді. Себебі осы арқылы біз ауылымыздың, облысымыздың және бүкіл планетамыздың болашағына үлесімізді қосып отырмыз. Соншалықты мағыналы нәрсе жасағанда керемет сезімге бөлінесін. Мен бүгін көмекке келгендердің барлығына алғысымды білдіремін, әсіресе осы кішкентай көшеттердің үлкен, күшті ағаштарға айналуына көз жеткізіп жатқандарға алғыс айтамын. Бұл шын мәнінде біздің байлығымыз, оны мұқият сақтауымыз керек», – деп өз әсерімен бөлісті шараға қатысқан Ж.Ермегияева атындағы орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Ерсін Құралбек.

Аталған шара барысында жиналғандардың барлығы өздерінің шағын шыршаларын отырғызуға мүмкіндік алды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях