SDU университеті ең ауқымды жәрмеңке ұйымдастырды

SDU университеті ең ауқымды жәрмеңке ұйымдастырды

Алматы облысында орналасқан еліміздегі белді оқу орындардың бірі SDU University қауымдастығы су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында ауқымды «Grand» жәрмеңкесін өткізді. Рекордтық көрсеткішке жеткен шараға 7 мыңға жуық адам қатысып, қайырлы іске атсалысты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жәрмеңке аясында университет қызметкерлері мен студенттері қолдан дайындаға бұйымдар мен тәттілерді, асханалар желісі кондитерлік өнімдерін ұсынды. Шара барысында аукцион ұйымдастырылып, университет меншігіндегі құнды бұйымдар қымбат бағаға саудаланды.
Осындай игі іске атсалысып, үлес қосу үшін оқу орынның білімгерлері жәрмеңкеге аспаздық тоқаштарды, түрлі зергерлік бұйымдар мен кәдесыйларды шығарды. «Grand «жәрмеңкесіне шыққан тағам мен бұйымдардың 98 пайызы сатылды.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша сауда-саттықтан бас-аяғы 9 429 174 тг жиналды. Бұл қаражат апаттан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында «Шұғыла» Қоғамдық Қорының шотына аударылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях