Пайдалы ынтымақтастық орнату мақсатында

Пайдалы ынтымақтастық орнату мақсатында

Жалпы бүгінде еліміздегі өңірлерді дамыту мақсатында өзге мемлекеттермен достық қарым-қатынас құрып, инвестиция тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Мұндай жұмыстар Алматы облысында да атқарылуда. Мәселен бүгінде облыста крахмал зауыты мен қонақүй кешенін салу жоспарда бар. Бұл жобаларды жүзеге асыруға қытайлық инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Олар Қазақстандағы бизнестерін дамытудағы басты стратегиялық серіктес ретінде «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын қарастырып отыр, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және Алматы облысының Өңірлік даму орталығының басшылары Қытай еліне ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін Xinjiang Erdaoqiao Cultural Tourism Group Co. Ltd басшылығының шақыруымен барды.

Облыстан барған делегациясының құрамында өз тауарларын тарату географиясын кеңейтуге ниетті өңір кәсіпкерлері болды. Олардың қатарында сироптар мен қоспалар, құрғақ түйе сүті, алкогольдік сусындар мен киім-кешек өндірушілері де бар.

Айта кетейік, Xinjiang Erdaoqiao Cultural Tourism Group Co. Ltd компаниясы Ltd Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАР) ірі базарлардың бірін дамытуға инвестиция салған. Халықаралық Үлкен базардың сауда павильоны Үрімжінің дәл ортасында орналасқан. 4000 шаршы метр аумақты алып жатқан базардың аумағында 80 метрлік бақылау мұнарасы, опера театры және фуд-корт та бар. Жыл сайын бұл жерге бірнеше ондаған миллион адам келеді. Сауда павильонының концепциясы этникалық тауарларды сатуды көздейтіндіктен, қазақстандық өнімдер қытайлық сатып алушылар үшін өте қызықты болып отыр.

Кездесу барысында екі мемлекет арасында ынтымақтастық орнатып, өзара пайдалы бизнес жүргізу мәселелері талқыланды.

– «Ассортиментті ұлғайту үшін нарық басшылығы сауда алаңының бір бөлігін Қытайға экспорттағысы келетін қазақстандық брендтерге бөлуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, алғашқы бірнеше жылда қазақстандық серіктестер сауда алаңдарын жалға алу үшін ең қолайлы жағдайларға ие болады», – деп атап өтті қытайлық кәсіпкерлер.

Бұған қоса шетелдік инвесторлар өз бизнесін Қазақстанға қарай кеңейтуге қызығушылық танытып отыр. Осы келіссөздер барысында «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері қытайлық кәсіпкерлерді компанияның қызметімен таныстырып, қолда бар инвестициялық мүмкіндіктерді атап өтті.

– «Біз жобаларымызды жүзеге асыруда қосымша инвестиция тартуға мүдделіміз. Осы сапар барысында біз жұмыс кеңесін өткізіп, крахмал зауыты мен қонақ үй кешенін салу бойынша серіктестік орнатудың бірнеше перспективалы бағыттарын белгіледік», – деп бөлісті Қонаев ӘКК басқарма төрағасы Мұрат Әбдіғұлов.

Өз кезегінде Xinjiang Erdaoqiao Cultural Tourism Group Co. Ltd. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында туризм және өндіріс саласында жүзеге асырып жатқан жобаларымен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы облысында бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниеттері белгіленді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях