Еліміздегі ең ірі олимпиадалық ойындарға даярлау орталығы

Еліміздегі ең ірі олимпиадалық ойындарға даярлау орталығы

Құрылыс жұмыстары 2005 жылы басталған Қарасай жеріндегі «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» биыл қолданысқа берілген болатын. Аумағы 40 гектар жерді алып жатқан бұл спорттық кешен бүгінде тек Қазақстанның ғана емес сондай-ақ ТМД елдерінің ішінде де ең ірі даярлау орталығы болып саналады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. 

 Халықаралық стандарттарға сай салынған қалашықтың құрамында жүзу бассейні, жекпе-жек залыны, спорттық атыс алаңы, мұз айдыны секілді 9 жабық спорт кешені, жазғы ойын алаңдары, медициналық пункт, әкімшілік ғимарат бар. Сонымен қатар мұнда сыйымдылығы 6246 көрерменге дейін жететін стадион да орналастырылған.

Бұған қоса осында дайындалатын спортшыларға арналған төрт жұлдызды 420 адамдық қонақ үй, олардың кешкі уақыттарын қызықты өткізулері үшін кітапхана, боулинг, кинотеатры және тағы да  бар ойын-сауық орталығы да қарастырылған.

Бір мезетте 2300 спортшы жаттыға алатын «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығында спорттың (жеңіл атлетика, ауыр атлетика, волейбол, баскетбол, гандбол, мини-футбол, шайбалы хоккей, конькимен жүгіру, спорттық және көркем гимнастика, садақ ату, су спорты, бокс, жекпе-жек, оның ішінде күрестің барлық түрлерін қоса алғанда) 16 түрін сапалы дамытуға барлық жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта мұнда ұлттық құраманың спортшылары дайындалуда, науқан жақындағанда олимпиадалық ойындарға қатысатындар жаттығатын болады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях