Қонаев қаласын газбен қамту мәселесі талқыланды

Қонаев қаласын газбен қамту мәселесі талқыланды

Бүгін Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов газ құбырын тарту жобасын іске асырушы бірнеше компания өкілдерімен және тиісті бөлім басшыларымен кездесіп, қаланы газбен қамтамасыз ету мәселесін талқыланды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда қала мен оған қарасты елдімекендерде 6425 тұтынушы газға қосылған болса, оның ішінде 5136 пәтер, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер. Жалпы қаладағы нысандардың 34 %-ы көгілдір отынға қосылған.

Биылғы жылы жоспарда Сейфуллин көшесі мен № 1, 2, 4, 18, Ивушка шағын аудандарындағы газ құбырын тартуды аяқтау бар. Ал №19-20, Спутник, Арна, Рауан, 12А, 12В шағын аудандарына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы шыққаннан кейін, келесі жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталады деп жоспарланған.

Жалпы Қонаев қаласы Алматы облысының орталығына айналғаннан кейін мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, күннен күнге халық саны көбейіп келеді. Осыған байланысты қосымша автоматтандырылған газ тарату станциясы мен газ тарату желілерін тарту қажеттілігі туындап отыр. Аталған бағытта да жұмыстар жүргізіледі.

Кездесу барысында қала әкімі бұрынғы саяжай аумақтарына, Шеңгелді ауылдық округінің елдімекендеріне газ тарту туралы ұсыныс дайындауды тапсырды. Бұл шара іске асса, көгілдір отынмен қамтылатын аймақтың шекарасы ұлғаятын болады

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях