Тоқаев бүгін ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

Тоқаев бүгін ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады», деп жазды Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасып, Ұйымның биылғы жұмысындағы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылайды және алдағы кезеңге арналған жоспарын айқындайды.

«Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне Ұйымның жұмысы жөніндегі өзекті мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізіп, оны әрі қарай дамыту үшін бірқатар ұсыныс айтады деп жоспарлануда. Жиын қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар құжат қабылданады деп күтілуде» делінген жазбада.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях