Қала әкімі құрылыс жұмыстары барысымен танысты

Қала әкімі құрылыс жұмыстары барысымен танысты

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына жаңадан әкім ретінде тағайындалған Асхат Бердіханов бірден белсенді түрде іске кірісіп, қаладағы ірі құрылыс нысандарына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Қала басшысы алғашқы нысан ретінде Д.Қонаев даңғыл бойындағы «Маяк» тұрғын үй кешеніне барды. Құрылыс учаскесінің басшысы Антон Ванеевтің айтуынша, қазір құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталған.

– Қазір облыс орталығында тұрғын үйге сұраныс өте жоғары. Кешенімізді тапсыруымызды жұрт тағатсыздана күтуде. Онда 18 мың шаршы метр тұрғын үйі немесе 272 пәтері бар. Нысанды осы жылдың соңында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді ол.

Құрылысы жүріп жатқан нысанның бас жоспарымен танысқан Асхат Бердіханов қаладағы өзекті мәселелердің бірі – автотұрақ мәселесіне тоқталып, «Маяк» кешенінде пәтерлерге қарағанда әлдеқайда аз тұрақ орындары жоспарланғанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда әрбір отбасында кем дегенде бір көлік бар, көп қабатты үйлерді салғанда осы жағын да ескеру керек. Автотұрақ мәселесі барлық жерде өзекті, біздің қаламызда осындай жағдайда. Сондықтан осы мәселені шешуді ойлануларыңызды сұраймыз, – деді Асхат Бердіханов.

Сол көшедегі «Аристократ» көп қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысшылары бұл мәселеге тереңірек барды.

– Бірінші кезеңде 100 пәтерлік бес үй салып жатырмыз. Құрылыстың аяқталуы – екінші тоқсанның соңы. Бұл бизнес-кластағы тұрғын үй болады. Сонымен қатар 350-ден астам автотұрақ болады. Олар үйлердің айналасында орналасады. Балалар ойын алаңдарын орнатып, бүкіл аумақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Ендігі басты мәселе – қосымша тұрақ орындары үшін жер тапшылығы, – дейді құрылыс салушы.

Қаланың жаңа басшысы №4 ықшамаудандағы 360 пәтерлік «SUN CITY» тұрғын үй кешенінің құрылысын аралап көріп, №10 шағын аудандағы 60 пәтерлік жеті тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды.

Танысу сапарының қорытындысы бойынша қала әкімі Асхат Бердіханов жауапты тұлғаларға тұрғын үй кешендерін салу мерзімі мен сапасын қадағалауды тапсырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях