Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды  

Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды   

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытың жаныңда» жобасының бастау алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. Барлық замандарда еліміздің дамуы туралы  –  жанұяның қоғамдағы жағдайы және оған деген мемлекеттің көзқарасы ретінде  бағаланатын. Аталмыш жобаның басты мақсаты осыған негізделген.

–  «Бақытың жаныңда» жобасы аясында мемлекеттік қызметтегі жас отбасылары марапатап, қоғамға мемлекеттік қызметте жүріп отбасын құрудың қиын еместігін жеткізуді алға қойып отырмыз, – деді департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Иманғалиева.

 

Анықтамалық: 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдайы бойынша Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерінің саны 7498 адамды,  94,1% — ын құрайды.

Оның ішінде 332 отбасы, 664 адам (9%), онда ерлі-зайыптылардың екеуі де мемлекеттік қызметші болып табылады, оның ішінде біреуі құқық қорғау жүйесінде жұмыс істейді.

Олардың жасы 24-тен 59-ға дейін, әр түрлі лауазымдарды атқарады. Некеде 1,5 айдан 35 жылға дейін, 1-4 балалары барлар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях