Қаскелеңдегі «Қарлығаш» деп аталатын көп қабатты тұрғын күй кешенінің халқы коммуналдық қызметке қатысты әлі де базынасын айтудан жалыққан емес. Пәтер иелері ыстық судың жоқтығын бөлек сервистік қызмет көрсетуші компанияның жұмысына да шағымдарын жиі айтуда. Шыдамы таусылған тұрғындар бүгінгі таңда аудандық әкімдіктен көмек сұрайды. Халықты алаңдатқан мәселенің мән-жайын ескере келе, біз де өз тарапымыздан әкімдіктегі коммуналдық қызметке жауапты бөлімге арнайы жолығып, анық ақпаратын білуге тырыстық. Айта кету керек, «Қарлығаштың» дабыл қаққан тұрғындары осы уақытқа дейін де талай рет әкімдікке арыз-шағымдарын жеткізген. Жауапты басшылар елді елең еткізген жағдайдан хабардар. Бұл жөнінде бізбен тілдескен Қарасай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Бекзат Кәрімов айтты.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать