Жамбыл ауданындағы көктемгі мал төлдету жұмыстарына студенттер көмек көрсетті

Жамбыл ауданындағы көктемгі мал төлдету жұмыстарына студенттер көмек көрсетті

Жамбыл ауданында көктемгі мал төлдету науқаны басталды. Аталмыш науқан кезінде көмек көрсету мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 77 студенті келді. Олар мұнда бір жағынан білімдерін практикамен ұштастырып, саланың қыр-сырын үйреніп, екінші жағынан шаруашылықтарда тер төгіп, еңбекақыларын алады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Айта кетейік, ауданның атқарушы органдыры аталған жоғары оқу орнының басшылығымен кездесіп, әріптестікті нығайту жұмыстарын талқылаған еді. Нәтижесінде білімгерлерді өндірістік тәжірибеден өтуге сақманға жіберу жөнінде екіжақты келісім жасалған. Соның аясында өткен жылы дәл осындай көктемдік науқанға университеттің 71 студенті қатысып, тәжірибелерін шыңдаған болатын.

Ауданға қарасты Ұзынағаш ауылына жоғары оқу орынның практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекшілігімен келген білімгерлерді ауданның жауапты сала мамандары қарсы алып,  болашақ мамандардың жұмысына сәттілік тілеп, бірнеше шаруа қожалықтарына жіберді.

Шаруаларға қосымша көмек қолы, ал студенттерге тәжірибе болатын жұмыстардың барысын аудан әкімі Нұрлан Ертас өзі қадағалап, білімгерлердің қауіпсіздігі мен келісімшарттың сақталуын назарында ұстап отырады. Сонымен қатар жастардың жұмысы мен тұрмыстық жағдайының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалайды. Сондықтан ауылдың қайнаған тіршілігіне араласуға келген студенттердің өндірістік тәжірибесі ойдағыдай өтеді. Жұмыс күшіне сұраныс білдірген шаруа қожалықтарының иелері оларды қуана қабылдап, келісілген мерзім аяқталған соң тиісті еңбекақыларын төлейді. Олардың жалақысының көлемі – 100 мың теңге.

Жалпы Жамбыл ауданы төрт түлік малдың саны жағынан Алматы облыс бойынша көш басында тұр. Өйткені ауданда шаруа қожалықтары көптеп саналады. Сала мамандарының есебінше, ауданда сақманға 300 студентке дейін қабылдауға толық мүмкіндік бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях