ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА МАЙОРЫНА ҚҰЛПЫТАС ҚОЙЫЛДЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА МАЙОРЫНА ҚҰЛПЫТАС ҚОЙЫЛДЫ

Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылдық округінде Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевқа құлпытас қойылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Өткен аптаның сенбісінде аты аңызға айналған, «Қара майор» деген лақап атымен көпке белгілі Керимбаев Борис Төкенұлын жақындары мен достары еске алып, қабір басында марқұмды зиярат етті. Сонымен қатар, ерлігі ұмытылмас азаматтың бейітінің қасына бейнесі бейнеленген белгітас орнатты.

– Бүгін – біз үшін ерекше күн. Қазақтың біртуар ұлы, елінің шынайы патриоты, Ауған соғысының атақты батыры, полковник Борис Төкенұлы Керімбаевқа  ескерткіш орнаттық.  Ескерткіш орнын көзі тірісінде өзі таңдап кеткен болатын. Бұл кентте оның бала күні өтті, әскер қатарына да осы жерден аттанды. 35 жыл отанға қызмет етті. Бізді табыстырған Ауған майданы оның өміріндегі ең бір қиын кезеңдер болған еді. – дейді Борис Керімбаевтың майдандас досы болған Асылхан Өтеев бірге болған кездерін еске алып.

Ал, Борис Төкенұлының жұбайы Раиса Керімбаева жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, екеуінің тату-тәтті өмір сүрген шақтарын еске алып, жастарға өсиет ретінде өмірдің әр сәті қымбат екенін айтты.

Сондай-ақ, қара майормен ұмытылмас кезеңдерін айтқан досы А.Өтеев, полковник досының талай сарбаздар үшін басын бәйгеге тіккенін жеткізіп, оның сондай ерліктерін көре тұра оны «Әкей» деп атамауымыз мүмкін емес екенін түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, Борис Керімбаев Ауған соғысында саптағы сарбаздар үшін әке орнына әке, ана орнына ана болған. Майдандастары үшін жан ұшырып, оларды қашанда оқ пен оттың арасынан аман алып қалып жүрген. Осы ерліктері үшін әрбірінің жүрегінде екенін айтты.

Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы күні Алматы қаласындағы Армия ғимаратында Борис Керімбаевтің естеліктері мен үлкен экранда батыр туралы деректі бейне материал көпшілікке көрсетіліп, еске алу кеші де ұйымдастырылды.

 

Естеріңізге сала кетсек, белгілі лақап атпен танылған қара майор Керимбаев Борис Төкенұлы 12 ақпан күні Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің госпиталінде көз жұмған болатын. Марқұмның денесі ауданымызға қарасты Райымбек ауылдық округінде жерленді. 

Желілік басылымдағы суреттер ҚазАқпарат сайтынан алынды

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях