Жаңа әліпбиді меңгерту жұмыстары жүргізілуде  

Жаңа әліпбиді меңгерту жұмыстары жүргізілуде   

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласы аясында елімізде латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп жатқаны белгілі. Осындай шаралар  Қарасай ауданында  да қолға алынды.  Дәлірек айтсақ, кеше аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы», Қарасай аудандық филиалы бірлесіп   латын графикасындағы меңгерту жұмыстарына байланысты шара өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

«Жаңа әліпбиді – жазып үйренейік»  деп аталған тақырып аясында аудандағы тізімдегі  мекемелерде латын қаріпімен таныстыру сабағын өткізу жоспарланған. Бұл жолы, жаңа әліпбимен танысуға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің 2021 әскери бөлімінің Қаскелең шекара бекеті басшының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Әсет Омарбековтың бастауымен әскерде борышын өтеп жатқан  12 сарбаз білімдерін жетілдіру сабағына қатысты. Алдымен, жиынның алғы сөзін Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы», Қарасай аудандық филиалының меңгерушісі Жанар Оразалиева сөйлеп, сабақты осы мекеменің маманы Фатима Сағымбекова жүргізді. Жаңа ақпаратпен танысқан жас жауынгерлер түсінбеген тұстары қатысты сұрақтарын қойып, басқосуда белсенділіктерін көрсетіп отырды.

Ауданымыздағы «Тіл» оқу әдістемелік» орталығы мұндай оқыту сабақтарымен қатар, аймақтағы бюджеттік мекемелердегі маманданды латын әліпбиіне  үйретеді. Қазіргі таңда, 1 тамызда басталған бірінші оқыту курсында аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту орталығы, қазынашылық басқармасы, орталық кітапхана, музейлер, орталық аурухананың әкімшілігі және жетекші мамандары латын әліпбиін үйренуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях