«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 400 қарасайлық оқушыға жаздық жолдамалар берілді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 400 қарасайлық оқушыға жаздық жолдамалар берілді

Биыл елімізде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудаң жаңа тұжырымдамасы енгізіліп, онкүндік белгіленген еді. Онкүндіктін Амал мерекесінің басталып қайырымдылық күніне жалғасты. Осыған орай бүгін ауданымыздың орталық Мәдениет үйінде  «QH жаздық жолдама – 2024» атты қайырымдылық шара ұйымдастарылды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

 Аудан әкімінің орынбсары Рустам Атшабаровтың құттықтауымен ашылған шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева, мектеп директорлары, мектептегі ата-ана комитетінің төрағалары мен үздік және белсенді оқушылар қатысты.

Оның барысында Рустам Әмірғалиұлы білім ордаларын атынан келген мектеп президенттеріне «Қазақстан халқына» қорының жаздық сертификаттарын табыс етті. Соның арқасында ауданымыздағы дарынды 400 қарасайлық  білімгер жазғы демалыс орындарына жіберілетін болады.

Айта кетейік, Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің барлық өңірлерінде «Жаздық жолдама – 2024» атты қайырымдылық жобасын бастаған еді. Аталмыш бастама оқуда үздік көрсеткіштерге ие болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген оқушылар қолдау көрсетіп, жазғы каникул кезінде демалыс лагерлеріне жіберуге бағытталған. Соның аясында Қарасай ауданының бес пен сегізінші сыныптар аралығындағы оқушыларға 400 жолдама бөлінді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях