АИТВ инфекциясын жұқтыру бойынша Іле ауданы көш бастап тұр

АИТВ инфекциясын жұқтыру бойынша Іле ауданы  көш бастап тұр

Бүгін Шамалған ауылының Мәдениет үйінде студенттер мен оқушылардың қатысуымен «Білім және Қорғау» деген атаумен АИТВ инфекциясына қарсы жиын өтті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымының тілшісі.

Отырыс барысында Алматы облысы білім басқармасының бас маманы Айжан Кәрібайқызы және Алматы облысы ЖИТС-ке қарсы күресу орталығының, алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Ляззат Алмасқызы баяндама оқып, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров сөз сөйледі.

Жиынға арнайы келген сала мамандары алдымен студенттер мен оқушыларға жіті қадағалау, медициналық тексерулер мен сауалнамалар жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Алматы облысы ЖИТС-ке қарсы күресу орталығының, алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Ляззат Абдукаримованың сөзіне сүйенсек, былтыр АИТВ инфекциясының 3862 жағдай тіркелді, соның ішінде 263-і Алматы облысында анықталған.

Нақтылай кетсек, инфекцияны жұқтыру 3 түрлі жолмен келеді, ең көп қатер туғызатыны жыныстық жолмен жұғу түрі, сол бойынша 80%  ерлер, 20% әйел кісілерде тіркелген. Сондықтан мектеп және оқу орындары жасындағы ұл балаларды қадағалауда ұстау шарт. Инфекцияны жұқтыру бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Іле ауданында байқалуда. Одан кейін Қарасай ауданы мен Қонаев қаласында тіркелген. Айта кету керек, инфекция жұқтырған науқас қоғамдық орындардан шектелмейді. Себебі инфекция сөйлесу, түшкіру, қолдан ұстаудан жұқпайтынын ескеру керек.

Алматы облысы ЖИТС-ке қарсы күресу орталығының мамандары осы жиынға экспресс-тест алып келіп, қонақтарды тексеріліп көруге шақырды. Бірақ тесттен өткені үшін анықтама берілмейді, тек жеке бастарының сақтығы үшін алатынын ескертті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях