Алматы облысында коронавирус анықталған жоқ

Алматы облысында коронавирус анықталған жоқ

Алматы облысында коронавирус жұқтыруы мүмкін деген болжаммен үш адам ауруханаға жатқызылған. Бұл жайында кеше облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте белгілі болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Жоғарыда аталған сырқаттардың дене қызуы көтерілгендіктен үшеуі де қоғамнан оқшауланып, осы өңірдегі ауруханалардың біріне жатқызылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың мәлімдеуінше, талданған сараптамаға сәйкес, олардан коронавирус індеті анықталмаған.

– Бірден вирусологиялық анализдері алынды, бәрі теріс нәтиже берді. Яғни, анықталған жоқ. Қазір денсаулықтары жақсы. Соған қарамастан олар бақылауда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда солармен бірге болған туыстарына қатысты ақпараттар алынып, профилкақтикалық жұмыс жүргізілуде. Ал, ауруханада италияндық немесе француздық азамат емделуде деген жалған ақпарат екенін айтқым келеді.

Брифинг барысында облыс бойынша бетперденің жеткілікті жағы да айтылды. Алматы облысы әкімігің баспасөз-хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, Іле ауданындағы «Dolche farm» компаниясы мен Талдықорған қаласындағы «Ажар» тігін фабрикасы пандемияға орай бетперделердің санын екі есеге көбейтіп шығарып жатыр. Ал, медициналық масканы көптеп алып, тапшылықты қолдан жасап, сатумен айналысқандардың тізімі анықталып, оларға қатысты заң айналысында тиісті шаралар қолдануда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях