Колледждегі дөңгелек үстел

0
3108

Кеше, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Шамалған ауылдық округіндегі Үшқоңыр су шаруашылық колледжінде «Діни экстремизм ұғымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараның мақсаты әлемдік діндер мен ислам дінінің бағыты және олардың даму жолдары, сондай-ақ, Ислам дінін бұрмалаусыз меңгеруге жетелеу, жастарымыздың азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, дұрыс бағытта тәрбиелеу еді.

Дөңгелек үстелдің құрметті қонағы ретінде Қарасай ауданының дін саласындағы инспекторы Медет Әшімхан және Қаскелең қаласында орналасқан «Түркістан» мешітінің бас имамы Ташенов Ринат таныстырылды.

Колледж студенттеріне арналған бұл іс-шараның басында Медет Шаяхметұлы сөз алып, діни экстремизмге апаратын жолдарды толықтай түсіндірді, жастардың одан өте сақ болуы керектігін және интернет иірімдеріндегі діни материалдарды сұрыптап пайдалану қажеттігін атап айтты.

Ислами ақпаратты қай сайттан алуға болады, деген студенттердің сауалына жауап берген Ринат Ташенов оны Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтынан алу керектігін тілге тиек етті. Және жастарды ватсап желісінде жүрген діни суреттерден, яғни, Сирия соғысына шақыру мақсатында жазылған арабша жазулардан, басқа да осы сынды теріс әрекеттерден сақ болуға шақырды.

Оразаның алғашқы күні өткен осы дөңгелек үстелге студенттер үлкен қызығушылықпен қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь