Шетелде сән әлемін бағындырды

Шетелде сән әлемін бағындырды

Ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, насихаттауға, оған жастарды, өскелең ұрпақты баулуға сүбелі үлес қосып келе жатқан «Балатай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлән Жанғұтты Қырғызстанда өтетін  «Nomad Fashion» фестиваліне құрметті қонақ ретінде қатысатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Күлән Жанғұттының есімі бүгінгі таңда өз елімізде ғана емес, сондай-ақ, шетелдердегі халықаралық сән көрмелерде де белгілі. Бұл жолы да он саусағынан өнер тамған қолөнерші Күлән апайымыз Қырғызстанда тамыз айының 19-21 аралығында «Дордой Номад» атты амфитеатрда Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің қолдауымен «Ниса» қоғамдық қоры және «Подиум люкс Кыргызстан» жылтыр журналы бірлесуімен өтетін «Nomad Fashion» фестиваліне құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Аталмыш фестивалге Франция, Ресей, Қазақстан, Индия және Корея сияқты 15 мемлекеттен дизайнерлер мен блогерлер қатысады. Солардың ішінде қазақтың  көркем кәсібін үйрету, дамыту және қайта жаңғырту, көне қолөнерін әлем нарығына шығаруды мақсат етіп жүрген Күлән апайымыз өзінің қолымен киізден жасаған ұлттық нақыштағы эксклюзивті өрнектелген киімдер үлгілерін көрермендер назарына ұсынатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях