Алматы облысында шомылу маусымына дайындық  пысықталды  

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық  пысықталды   

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері жаз маусымына әзірлікке келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Суға шомылу маусымы басталды. Бұл шомылу кезіндегі қауіпсіздік туралы ойлайтын уақыт. Адамдар бірі – жүзе білмеу, екіншілері  жеке құтқару құралдарысыз балық аулау  және рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылудан түрлі келеңсіздік орын алып жатады. Мұның бәрі сақтық ережелерін сақтамағандықтан

– Судағы жазатайым оқиғаны болдырмау үшін тек жабдықталған шомылу орындарына бару, өз жақындарыңыз бен достарыңыздың қауіпсіздікке көзқарастарын тексере отырып, оларға арнайы  орындар туралы хабарлаңыз. Өзендер мен көлдерді жүзіп өтуге тырыспаңыз, себебі сіз өз күшіңізді есептей алмай қалуыңыз мүмкін, – деп ескертті Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Серікқан Жеңісұлы.

Былтыр Алматы облысы бойынша жаз маусымында 179 адам судан құтқарылса, 51 адам қаза болған. Оның ішінде 13-і кәмелет жасқа толмаған балалар. Осындай  оқиғалардың алдын алу мақсатында «Апаттар медицинасы орталығы» облыстық филиалының қызметкерлері манекенді пайдаланып, суға батқан адамға қалай алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях