Ұлы ақынның мерейтойына арналған

Ұлы ақынның мерейтойына арналған

Аудандық орталық кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Оның қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

Бүгінгі таңда Бас ақынның мерейтойы халықаралық деңгейде өз дәрежесінде тойланып жатыр. Тіпті, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету туралы Заңға қол қойды. Осы ретте еліміз бойынша көптеген іс-шаралар өткізілуде. Біздің ауданымызда да шет қалған жоқ. Мәселен, кеше ауданымыздың орталық кітапханасында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тарихымызда лайықты өз орнын алар айтулы мерейтой аясында жастар ақынның өмір баянына байланысты диктант жазды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен іс-шараға ауданымыздағы барлық қала және округтерден жиналған жастар қатысты. Диктанттың қорытындысы келесі аптада белгілі болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях