Жастар кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Жастар кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының кезекті жиыны өтті. Аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдәқызының төрағалығымен өткен жиын барысында 2021 жылы жүзеге асырылған аудандық Жастар ресурстық орталығының тоғыз айлық есебінің қорытындысы, аудан жастарының арасындағы қылмыс пен тәртіп бұзушылықтардың көбею мәселесі қарастырылды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Кеңес отырысына қала және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері қатысты. Оның барысында алдымен аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова жастардың тоғыз ай ішінде атқарған жұмыстары жөнінде толығырақ ақпарат беріп өтті. Мұнан кейін аудандық пробация қызметінің орынбасары Ақбота Іздібаева және аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға-инспекторы, полиция майоры Ернұр Ембердиев жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың профилактикасы жайлы баяндамаларын оқыды. Құқық қорғау органының қызметкерлері биыл аудандағы жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі көбейіп, жастардың әлімжеттік пен түн уақытында көше кезулері тиылар еместігін айтты. Осыған байланысты олар жастардың арасында түсіндіру жұмыстары мен кешкі рейдтердің санын көбейтіп, ұсталған жастардың ата-аналарымен ескерту жұмыстарын жасап жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ, жиын барысында қала әкімі Асқар Мұқашев соңғы баяндаушыға жастардың тұрғын үйлердің аулаларында түнде жиналып, адамдардың мазасын алатындығы жайлы айтып, осы мәселені назарға алуды өтінді. Қала әкімінің көтерген мәселесіне байланысты полиция майоры Ернұр Ерланұлы бүгінде осы мәселені шешу үшін учаскелік полиция және патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті өздеріне бекітілген аумақты аралап, тәртіп бұзушыларды бақылап жүргендігін және де алдағы уақытта мұндай жұмыстар жиі жасалатындығын жеткізді.

Мұнан бөлек бүгінгі отырыста «Ана мен бала» қайырымдылық мекемесінің басшысы Әлия Сатпаева жоғарыда айтылып өткен мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен және де блогерлермен бірлесе жұмыс істеу керектігін атап өтті.

Жиын соңында барлық тараптардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Айжан Нұрділдәқызы аталған мәселелер алдағы уақытта бақылауға алынып, жастардың жағдайын ойлайтын азаматтармен жұмыс күшейтілетіндігін айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях