Қоғам дінсіз болмайды

Қоғам дінсіз болмайды

Алматы облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Рухани керуен» жобасы қазіргі таңда ауданымызда жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Аталмыш іс-шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып, көптеген мәселелердің шешімін табуға септігін тигізуде. Бүгін сондай игі іске бастамашы болып, аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен кезекті жиын болды. Райымбек ауылдық округіне қарасты М.Ғабдуллин орта мектебінде өткізілген семинар-кеңесте бірқатар мәселелер талқыланды. Оның ішінде «Дін және қоғам» тақырыбында өзекті ойлар айтылып, ауыл имамдарының өтініштері тыңдалды. Семинар-кеңесті Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қордай Әбілбеков жетекшілік етіп, жүргізіп отырды. Сондай-ақ, айшықты ойларын ортаға салу үшін ауыл имамдары, аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағасы шақырылды.  Жиын барысында «Дін және қоғам» тақырыбынан бөлек діни сауаттылық, діни ағымдардың қауіптілігі, оқушылардың мектептегі тәрбиесі сияқты қоғамдық түйткілді ойлар айтылды. Ауыл имамдары тарапынан діни тәрбиені ауқымын кеңейту мақсатында бірнеше ұсыныстар да тыңдалды.

Осылайша дін мен қоғам арасындағы түрлі пікірлер көпшілік үшін маңызды ақпарат пен насихатқа айналды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях