Байқауда бақ сынаған қарасайлық жастар

Байқауда бақ сынаған қарасайлық жастар

Ауданның дарынды жастары «Talantty jastar» республикалық өнер-білім байқауына қатысты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Өнерлі жастарға қашанда жол ашып, талантын ұштайтын түрлі байқаулардың қатары аз емес. Осындай мәдени шаралардың кейбірі біздің ауданымызда да ұйымдастырылып, жас өрендерді үлкен сахнаға баулып келеді. Солардың бірі өткен аптада Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінде өткізілді. Нақтырақ айтқанда, «Talantty jastar» деп аталатын республикалық өнер-білім байқауына аудан бойынша көптеген оқушылар мен жас мамандар қатысып, түрлі жанр бойынша өз бақтарын сынады. Осындай доданы жүзеге асырып жүрген «Talantty jastar» продюсерлік орталығы мен Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы екенін де айта кеткен жөн.

Жас жеткіншектердің өнерге деген қарым-қабілетін шыңдайтын бұл байқаудың негізгі мақсаты – Жастар жылын қолдай келе, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында және Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай жастарды рухани, мәдени жағынан дамыта отырып, өнер-білімдерін шыңдау.

Айтулы байқау бірнеше өнер түрінен өткендіктен қазылық етуге білікті мамандар да шақырылды. Атап айтар болсақ, олардың қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Темірхан Тебегенов, Қазақ Ұлттық консерваторияның ұстазы, хор дирижері, вокалист, хореграф  Камила Есдәулетова, «Үркер» жастар шығармашылық дамыту орталығының атқарушы директоры Нұрсұлтан Орыналыұлы және осы әнші, аталмыш байқаудың бас продюсері Лескуль Джиенбетова болды.

Байқау барысында өнерлі білімгерлер өз дарынын жан-жақты танытып, барынша биік деңгейде көрінуге талпынды. Алайда, дода болғасын біреудің топтан оза шығуы заңдылық екені рас. Осы ретте, Қуаныш Тұрдыжан, Қауашақ Ырысқызы, Арман Жауынбай, Әмина Есетова сынды және тағы басқа өнерлі жандарды ерекше айтуға болады. Барлық қатысушылар ұйымдастырушы орталықтың атынан арнайы марапаттарға ие болса, жеңімпаз қатысушылардың бірқатары қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Талғат Жорабаевпен бір сахнада өнер көрсетті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях