Ауданымыздағы рухани саяхат

Ауданымыздағы рухани саяхат

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің барлық өңірінде түрлі іс-шаралар, көптеген рухани жобалар ұйымдастырылып жатқаны баршаңызға белгілі. Оның ішінде ұлы тұлғаларды өскелең ұрпаққа таныту мақсатында жасалынып жатқан жұмыстарды да қосып айтсақ болады. Солардың бірі ретінде биыл Қарасай батырдың туғанына 420 жыл толуына байланысты республикамыздың бірнеше аймақтарында ғылыми конференциялар өткізілмек. Соған орай үлкен басқосудың алдында батыр бабамыздың туған жеріне саяхат жұмыстары да жоспарланған. Әр өңірдің ғылыми қызметкерлерінен құралған делегация мүшелері бүгін біздің ауданға арнайы іс-сапармен келді. Аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова құрметті қонақтарды қарсы алып, қарасай жерінің мәдени орталықтарын таныстырды. Ғылыми-зерттеу орталықтың қызметкерлері алдымен Наурызбай батыр ескерткішіне тағзым етіп, Елбасымыздың балалық балдәуренінен сыр шертетін тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Ондағы құнды жәдігерлермен танысып, естелік суреттерге түсті. Одан кейін құрметті меймандар Елбасымызды дүниеге әкелген Әбіш ата мен Әлжан анамыздың басына барып, Құран бағыштауды жөн санады.

Осылайша арнайы іс-сапармен келген қонақтар Қарасай бабамыздың кіндік қаны тамған өлкемен танысып, маңызды деректерге көз жеткізді. Сондай-ақ, олар алдағы уақытта жоспарланған «Қарасай батырдың туғанына 420 жыл»  ғылыми-конференцияға қажетті ақпараттарды жинап, оны көпшілікпен бөлісетіндіктерін жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях