Алматыда адамдарды бет-әлпетінен анықтайтын камераларды орнатуға 8,6 млрд. теңге бөлінді

Алматыда адамдарды бет-әлпетінен анықтайтын камераларды орнатуға 8,6 млрд. теңге бөлінді

Алматыда халық көп жүретін аумақтарда адам түрін танитын 1 000 камера орнатылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік баслымы  tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтар көп жиналатын аумақтардағы видеобақылау жүйесі» деп аталатын бұл жобаға «Алматы қаласын дамыту орталығының» басшысы Жанна Төлегенованың айтуынша қалалық бюджеттен 8,6 миллиард теңге бөлінеді.

Бейне бақылау құралына түсірілген суреттерді Алматы қаласының полиция департаментінің Жедел басқарма орталығының қызметшілері бақылап отырады. Камераларды көшелерге таяуда орната бастайды.

«Қазақстандық, беларусь және жапон технологиялары арқылы адамдарды тани алатын бағдарламалық жасақтаманы енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, осы бағдарламалық жасақтамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», — дейді Төлегенова.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» басшысының айтуынша, осы бейне бақылау құралдары арнайы бағдарлама арқылы іздеуде жүрген немесе бір қылмысқа қатысы бар адамдардың бет әлпетінен танып, олардың қайда орналысқанын табуға көмектеседі.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях