Қарасайлық көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

0
1537

Алда келе жатқан 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай, AZAMATSHA KZ қоғамдық қоры аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірігіп, қарасайлық көп балалы аналарға құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Нақтырақ айтқанда, кеше аталған қордың мекемесінде аудандық мәслихат депутаты Абзал Жумабаевтың қолдауымен көп бала тәрбиелеп отырған асыл аналарға құрмет көрсету мақсатында арнайы ақ дастархан жайылып, сый-сияпаттар тарту етілді. Мерекелік көңіл-күйге толы отырысқа аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Байкулов, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Абылай Зуайда және Санджар Жандосов атындағы кәсіптік техникалық колледжінің азаматтары арнайы келіп, ізгі тілектерін жеткізді.

Бұдан бөлек, шара барысында аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі осы уақытқа дейін қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмек көрсетіп келе жатқан AZAMATSHA KZ қоғамдық қорының директоры Мадина Саутбекова мен қордың құрылтайшысы Ольга Петроваға Алғыс хаты табыс етті.

Игілікті шара соңында жаны жомарт азаматтың демеушілігімен құрбандық шалынып, көп балалы аналарға тегін ет таратылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь