Қарасайлық жастар жұмыспен қамтылуда

Қарасайлық жастар жұмыспен қамтылуда

Ауданымыздың белсенді жастарының көмегімен, Алмалыбақ ауылдық округіне қарасты Қазақ егіншік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жерінде, 60 га майбұршақ дақылы (соя) себілді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. 

Өткен жылы еліміздегі ауыл шаруашылығын дамыта отырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының 2019 жылғы хаттамалық шешіміне сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың қолдауымен, Жастар ресурстық орталығы «Қазақ жеміс және көкөніс ғылыми-зерттеу институты» Қайнар аймақтық филиалымен келісімшарт жасасқан болатын. Аталмыш шарт аясында карантин кезінде жұмыссыз қалған жастар институт бөліп берген егістік жерде бес гектар картоп отырғызып, науқан кезінде оны арамшөптерден тазалау жұмыстары арқылы тұрақты табысын тапқан еді.

Дәл осы шарт бойынша жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып, оған колледж студенттерінен бөлек, аудандық пробация қызметінде есепте тұрған жастар да қосылды. Жақында олар Алмалыбақ ауылдық округіне қарасты Қазақ егіншік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жерінде 60 гектар жерге майбұршақ дақылын (соя) себу жұмыстарын жүргізді. Мұнан бөлек, олар алдағы уақытта егістікті арамшөптерден тазартып, күз мезгілінде өнімді жинайтын болады.

Айта кетейік, институт тарапынан жастарға көмек ретінде өздерінің еккен өнімдерден үлес те бөлініп беріледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях