Қызылорда облысының аумағына 4 медициналық бақылау бекеті қойылды

Қызылорда облысының аумағына 4 медициналық бақылау бекеті қойылды

Сыр өңірінде аймақаралық күрежолдар бойында 4 блок бекет қойылды. Облыс шекарасында полицейлер мен медицина мамандары азаматтарды бақылауды күшейтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Медициналық бақылау бекеттері Жезқазған, Түркістан, Ақтөбе жəне Жаңақорған-Балтакөл бағытындағы автожол бойында жұмыс істеп тұр. Облыстық ішкі істер департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері бірлесіп, өңірдегі басқа аймақтардан келетін азаматтардың жағдайын тексеруде. Алдағы уақытта бақылауды жалғастыру үшін олардың жеке басына қатысты мәліметтер жинақталады.
Коронавируспен күрес шаралары қарқынды жүруде. Қоғамдық орындарда, автобустар мен бірқатар мекемеде дезинфекциялау жұмыстары жүруде. Əкімдік өкілдері мен полицейлер күнделікті рейдттер ұйымдастырып жатыр. Жалпы алғанда аймақтағы ахуал бірқалыпты деуге болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях