Қарағандыда балабақшалар жабылуы мүмкін

Қарағандыда балабақшалар жабылуы мүмкін

Қарағандыда  балабақшаларды жабу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бұл аймақта COVID-19 вирусының 2 жағдайы тіркелген. Жұқтырғандар жабық бокстарда емделеді. Қарағанды облысы бойынша карантинде 100-ден астам адам бақылауда. Екі пациенттен COVID-19 анықталып, ем-шара қабылдап жатыр. Жағдайлары бір қалыпты. Қазір бірінші кезекте Қарағанды қаласындағы балабақшаларды уақытша жабу мәселесі қаралуда.  Әзірге барлық мектепке дейінгі мекемелер бұрынғыша жұмыс істеп тұр. Ғимараттар кварцталып, желдетілуде. Дезинфекциялық шаралар да жүргізіледі. Санитар мамандар балалардың келуін бақылаған.
Олардың ақпаратына сүйенсек, балабақшаға келіп жүргендер 20 проценттен аспайды. Бүгінгі күні Қарағандыда 100-ге жуық балабақша мен шағын орталықтар бар. Олардың жұмыс істеу істемеуі алдағы уақытта анықталады.  Ал мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап, мерзімінен бұрын демалысқа жіберілгені белгілі. Сол мезеттен бастап ЖОО мен колледж студенттері қашықтықтан оқытыла бастаған.  Қазір осында 44 үй жанындағы ойын алаңдары, 167 мектептен тыс білім беру ұйымы жұмысын уақытша тоқтатқан.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях