Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері пайда болды  

Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері пайда болды   

Нұр-Сұлтан әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздерін жариялады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Атақты музыкантқа арналған ескерткіштің үздік эскизіне байқау маусымның соңына дейін ұзартылғаны атап өтілді.

Батырхан Шүкенов ескерткішінің 11 түрлі нұсқасы ұсынылып отыр.

«Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасына — төменгі бұрышындағы оң жақта тұрған «Кері байланыс» батырмасына, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына  жіберуге болады. Байқауға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады», — деді елорда әкімдігіндегілер.

Әнші, композитор Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш қалалық саябақта орнатылады. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бұған дейін әнші ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болған.

Жақында елордада Жеңіс күні қарсаңында Кеңес Одағының екі мәрте батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылған болатын. Ол Сарыарқа даңғылына қойылды. Жобаны мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев әзірледі. Ескерткіш қола мен граниттен жасалды. Онда Талғат Бигелдинов Ұлы Отан соғысы жылдарында жас ұшқыш ретінде, ал кеудесінде медальдары бейнеленген.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях