Бекболаттықтардың су сапасына көңілі толмайды         

Бекболаттықтардың су сапасына көңілі толмайды             

Бекболат ауылында қаншама жылдан бері өзекті болып келе жатқан су мәселесі шешімін тапқанымен, тұрғындардың судың сапасына көңілі толмайды. Бұл жайында бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың аталған ауылда болған есептік кездесуінің барысында айтылды, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі. 

Бекболат пен Қайнар ауылдарының тұрғындарын мазалаған су мәселесін шешу мақсатында бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп, өткен жылы аталған ауылдардағы ауыз су жүйелеріне толықтай жөндеу жұмыстары өткізіліп, тұрғындар сумен қамтамасыз етілді. Десе де осы кездесу барысында ағыны жақсы болғанымен, сары су ағып тұр деген тұрғындардың шағымын аудан басшысы назардан тыс қалдырған жоқ. Жандарбек Ермекұлы Бекболат ауылында су жүйесіне жауапты  «Вeyazh trans» ЖШС мен «Таусамалы қызмет» КМК мекемелерге жазға дейін суды   резервуарларда тұндыру арқылы ауылдың ішкі құбырларына жіберетін жүйені қалыптастыруды  тапсырды. Сонымен қатар, жиында алдағы уақытта судың басына сүзгі құрылғыларын орнату үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетіні туралы айтылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях