Ардагер ұстаз Рымкеш Байқонысова өмірден озды

Ардагер ұстаз Рымкеш Байқонысова өмірден озды

Қарасай батыр орта мектебінде ашылған «Шапағат» атты Елбасытану-өлкетану мұражайын ашқан, ардагер ұстаз, ҚР халық ағарту ісінің үздігі, « Құрмет» орденінің иегері Байқонысова Рымкеш Шайкенқызы кеше өмірден озды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Рымкеш Шәйкенқызы Байқонысова 1937 жылы  24 шілдеде Семей  облысы, Аягөз ауданы,  Сергиополь ауылында дүниеге  келген.  1954 жылы Сергиополь  мектебін бітіріп, 1954-56 жылдары  Семей педагогикалық  училищесіне оқуға түсті. Мұндай «бастауыш мектеп  мұғалімі»  мамандығымен  туған өлкесі Семей  облысы, Аякөз ауданы, Мамырсу ауылындағы Сергиополь орта  мектебінде 1956 жылы  ұстаздық еңбек жолын бастады.

1969 жылы Семей қаласындағы Н.Крупская атындағы педагогиялық институттың тарих факультетін аяқтаған. 1979 жылдың 15 желтоқсанына дейін Аякөз ауданындағы мектептерде сабақ бере жүріп, оқу ісінің меңгерушісі, кәсіподақ ұйымының жетекшісі, мектеп партия ұйымының хатшысы, насихатшы қызметтерін абыройлы атқарып, облыстық аудандық мақтау грамотталарымен марапатталды. «Лениннің 100 жылдық» медалінің иегері. 1979 жылы 23 желтоқсанда Алматы обл, Еңбекшіқазақ ауданы Ақши аулындағы Ақши орта мектебінде 1980 жылдан тарих қоғамтану пәндері бойынша дәріс беріп, 1997 жылдың тамызына дейін еңбек етті. Ақши орта мектебінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болды. Мектеп ұжымымен Мұхамедкәрім Құрсабаевтың «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп қорытындысында «Асыл мұра» этнографиялық мұражайды аудан, ауыл көлемінде салтанатпен ашты. 1987 жылы Қазақ ССР оқу министрлігінің «Қазақстандағы оқу ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ақши мектебінде 17 жыл абыройлы еңбек етіп, 1997 жылы  жолдасы Шамалған ауылының  тумасы болғандықтан, Шамалған ауылына  көшіп келді. 1997 жылы 1 қыркүйектен бастап Қарасай атындағы (бұрынғы Фурманов) мектебінде  еңбек етті.  «Шапағат» атты Елбасытану, өлкетануға арналған мектеп мұражайын  1998 жылы 23 мамырда ашты.

Рымкеш Шәйкенқызына 2007 жылы 14 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Астана қаласындағы Ақорданың мрамор залында  «Құрмет» орденін тапсырды.

Марқұмның қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көніл айтамыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях