Ауданымызда «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды  

Ауданымызда «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды   

Ауданымыз бойынша шілденің 17-сінен бастап табысы төмен отбасыларды несиелендіруге арналған  «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бағдарламаға сәйкес, 4 немесе одан да көп баласы бар көпбалалы отбасы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтар баспанаға ие бола алады. Осыған орай, жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша тіркелген азаматтар аудандық әкімдіктің ғимаратындағы №3 кабинеттегі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жолығып, «Тұрғынүйқұрылысжинақосы банкі» АҚ-на жолдама алу қажет. Бағдарлама шарты бойынша  жылдық 2 пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі.  Ең төменгі алғашқы  жарна заем  соммасының 10 па­йызын құрайды. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендерге алғашқы жарнаның бір бөлігін әкімдіктен бөлінген тұрғын үй сертификаты есебінен жабуға болады.   Алайда олар баспанаға мұқтаж отбасылар санатына жататынын дәлелдеуі қажет. Ол үшін атқарушы органнан көпбалалы отбасы екенін дәлелдейтін анықтама алып, оны банкке тапсырады.  Мамандардың айтуынша, бастапқы жарнаны әкімдік көмегімен емес, өз қалтасынан төлесе тұрғын үйді таңдау мүмкіндігі көп болады. Егер қатысушы әкімдіктен 1 миллион теңге сертификат алған болса, олар тек бірінші нарықтан ғана үй алуға мүмкіндігі болады. Тағы бір ескерер жайт тұрғын үйді әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана алуға мүмкіндігі бар және көрсетілген мекенжай бойынша кемінде 2 жыл тұру керек. Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматы болу, өтінім беруші мен оның отбасының барлық мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы, еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін отбасының жалпы кірістің болуы, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінен» төлем қабілетінен өту керек. Сонымен қатар,  отбасының әр мүшесіне келетін орташа табыс көлемі соңғы 6 ай ішінде ең төменгі жалақыдан яғни, салықтар мен зейнетақы жарнасын шегерген кезде 42 500 теңгеден аспауы тиіс. Ал, толық емес отбасылар үшін ажырасқан сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек. Осы талаптарға сай келген аталмыш санаттағы және аудандық әкімдікке тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтар тезірек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жолығу керек. Берілген мәліметтермен тағы да жоғарыда көрсетілген видео арқылы танысуға болады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях