ҚОСЫМША ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚОСЫМША ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Алдағы уақытта Қарасай ауданына қарасты ауылдық округтер мен қала арасында қосымша көліктер қатынайтын болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігіне тұрғындар атынан қала маңына қатынайтын жолаушылар мен жүк тасымалдау маршруттарының, яғни, қоғамдық көліктердің тапшылығына байланысты көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Аталған мәселеге байланысты Қарасай ауданының әкімдігі ҚР инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурызда бекіткен «Жолаушылар мен багажды тасымалдау туралы» ережесіне сәйкес қоғамдық көліктің халықтың талабына сай жүруін қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Нақтырақ айтсақ, ауданішілік, қалаішілік, ауыларалықта жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметін көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және оны өткізуді ағымдағы жылдың, тамыз айына жоспарлап отыр. Оның нәтижесінде алдағы уақытта аудан арасында алты бағыт бойынша қоғамдық көліктер іске қосылатын болады. Олар: №1 бағытта «Жаңатұрмыс-Бекболат», №2 бағытта «Станция Шамалған-Қаскелең», №3 бағытта «Мерей-Қаскелең», №4 бағытта «Исаев-Қаскелең», №5 бағытта «Әйтей-Қаскелең», №6 бағытта «КөксайҚаскелең» қоғамдық көліктері. Күзге таман ауданымызға қарасты елді мекендер мен аудан орталығы арасында тұрақты түрде қоғамдық көліктер өз жұмысын бастап, тұрақты кесте бойынша қызмет атқаратын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях