Ораза кезінде жақын маңда тұратын туыстың үйіне ауызашарға баруға бола ма?  

Ораза кезінде жақын маңда тұратын туыстың үйіне ауызашарға баруға бола ма?   

Ораза кезінде жақын маңда тұратын туыстың үйіне ауызашарға баруға бола ма? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында осы сұрақ қойылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.  

– Бұл жөнінде өткенде айтылған үндеуімізде кеңес берген болатынбыз. Баршамыз жақындарымызды, көршілерімізді үйге шақырғымыз келетінін түсінеміз, бірақ өзіміздің, ағайын туыстың, көршілеріміздің амандығы үшін мына төтенше жағдайда карантин талаптарын орындауға шақырамыз. Қазір сабыр етіп, оқшауланайық. Бәрі жақсы кезде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз, – дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұған дейін Бас мүфти мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін қаржыны аудару арқылы көмек көрсетуге болатыны туралы айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях