Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді. Осы кәсіби мерекеге орай аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы мерекелік шара өткізді. Кешті аудандық орталық аурухана директоры Ербол Сарсенбаев ақ халатты абзал жандардың еңселі еңбектерінің зор екендігін айтып, құттықтауын білдірді. Ары қарай аға медбикелер Анар Жылгелдиевага, Сауле Жайлаубаеваға, Гүлсім Қоспановаға «Мейірім» орденін табыс етті. Сондай-ақ үздік орта медициналық қызметкерлерді мейірімділік, кәсіби шеберлігі Алғыс хаттарымен марапаттады. Келесі сөз кезегі аудандық ауруханасы директорының орынбасары Бақыт Жамекенов алып, саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтауға арнаған жандардың аз емес екендігін айтып, еңбектерін ешқашан елеусіз қалдырмай, бағалайтындықтарын айтты. Дипломдарын енді қолдарына алып келген медбикелерді жігерлендіру мақсатында «Жас маман» ленталарын тақса, еңбек жолын медицинаға арнап, осы жылы қызметінен зейнетке шығатын ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілді. Жігерлі Жәдел жәрдем бөлімінің жас мамандары «Практика» қойылымы арқылы аурухананың біркүндік өмірін назарға ұсынса, ал Үшқоңыр ауылдық ауруханасының мейірбикелері «Қол жуу тәртібі» атты флешмобын көрсетті. Кеш соңын кәсіподақ төрайымы Сауле Малгараева қорытындылап, кәсіби мерекелеріне орай аудандық ауруханалардың әр бөлімшелерге күнделікті қажетті сыйлықтар табыс етілді.
Домой Последние новости Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді.
Жыл басынан бері халық саны 77 мыңға артты
2022 жылдың мамыр айына дейінгі статистика бойынша халық саны 19 199 844 жеткен, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес 2022 жылдың...
«Болашақ» қоғамдық бірлестігінің атқарған жұмыстары ауқымды
Іле ауданы Алматы облысы бойынша қоғамдық қозғалыс дамыған аймақтардың алдыңғы шебінде. Солардың қатарында Өтеген батыр ауылындағы «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі де бар. Аталған қоғамдық бірлестік...
Наука и глобальные изменения климата
В эти два дня в КазНИИ земледелия и растениеводства проходит Международная научно-практическая конференция. В ее рамках отечественные и зарубежные ученые подняли довольно злободневную в наши...
«Атамекен» ҰКП түтінсіз темекіге арналған жоғары акциздерге қарсы петицияны қолдады
Бүгін арнайы баспасөз конференциясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бірқатар бизнес-қауымдастықтар «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі бастаған қыздырылатын темекіге арналған акциздердің күрт...
НПО нужен индустриальный сертификат
Создав неправительственную организацию – общественное объединение инвалидов «АйРиз - Қамқор», жительница села Узынагаш Жамбылского района Ризза Даутбаева также наладила швейное производство. Однако его дальнейшему...