«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»

«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»

Бүгін Қаскелең қаласындағы мәдениет үйінде, қарасайлық педагогикалық қызметкерлердің «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» атты тамыз кеңесі өтті. Оған аудан әкімі Махаббат Бигелдиев қатысып, ұстаздар қауымына жылы лебізін білдірді. Алдымен, жиналған басқарма, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері, мұғалімдер алдында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Такимова өткен оқу жылында өзі басқаратын салада атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге бағытталған, нәтижесі айқын, көптеген көңіл көншітерлік істерді алға тартқан баяндамашы биыл аудан әкімінің атсалысуының арқасында осы оқу жылында сегіз мектеп өз есігін айқара ашқалы тұрғанын, Қайнар ауылындағы орта мектепке көптен бері қажет етілген күрделі жөндеу жұмысы жүргізілгенін, мұғалімдер мен оқушылардың түрлі сайыстарда қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жарыссөзге шыққан Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Ж.Кулиева, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы А.Данияр, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы А.Шәкенова, Үшқоңыр қазақ орта мектебінің жас мұғалімі Ж.Нұртазаев та сөйлеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Ал, тамыз кеңесін қорытындылаған аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы білім саласы қашанда ізденісті, алға қарай ұмтылысты талап ететіндігін айтып, ұстаздар қауымына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Олар негізінен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға, үш ауысымдық оқыту жүйесін жоюға, балабақшалар санын арттыруға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білім деңгейін көтеруге, ауданның бірыңғай мектеп формасын енгізуге, жалпы, өскелең ұрпақтың білімімен қатар, дүниетанымын, мәдениетін, дарынын молайтуға қатысты болды.

Бірқатар мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгілерімен, Алғыс хатымен, сондай-ақ, Алматы облысы әкімінің, Қарасай ауданы әкімінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған салтанатты жиын мереке иелеріне арналған шағын концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях