Түркиядағы зілзала кезінде Мұстафа Өзтүріктің қарындастары қайтыс болды

Түркиядағы зілзала кезінде Мұстафа Өзтүріктің қарындастары қайтыс болды

Түркияда болған жер сілкінісі кезінде белгілі спортшы, таэквондодан 6 дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүріктің екі қарындасы қайтыс болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Бұл туралы ақпаратты Qaz365.kz сайты жариялады.

Хатай провинциясының Дефне аймағында екі этникалық қазақтың үйінді астында қалғаны анықталған. Олар Түркияда туған қазақ, белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Қос қандасымыздың есімі Нұрай Қазақ және Бушра Қазақ. Анасы мен қызын туыстары Стамбұлдан алып шыққан.

Нұрай Қазақ 57 жаста болған. Ол – Мұстафа Өзтүріктің інісі Рустам Өзтүріктің қызы. Қандасымыз ұзақ уақыт бойы Йордания елінде тұрып, Хатай провинциясына қоныс аударған. Нұрайдың қызы 31 жаста болған. Зілзаладан қайтыс болған марқұмдардың денесі Стамбұлда жерленді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях