Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды

Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды

Бүгін ауданымыздың ауған соғысының ардагерлері Отан алдында борышын өтеп, соғыс алаңында жанын құрбан еткен майдандастарын еске алып, олардың рухтарына тағзым етті, – деп Naqty.kz хабарлайды желілік басылымы.

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күн. Осыған орай бүгін Қаскелең қаласында орналасқан интернационалист-жауынгерлерге арналған мемориалында ауданымыздағы ардагерлері мен жат жерде жан тапсырғандардың жақындары боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ұрыс даласында ерліктерін көрсеткендердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Мұнан кейін еске алу шарасы әрі қарай аудандық Мәдениет үйінде арнайы дайындаған концертке ұласып, жиналғандар ауданымыздың өнерпаздары дайындаған мерекелік бағдарламаны тамашалап қайтты.

Бұған қоса шара барысында ауданымыздың бірқатар ауған соғысы ардагерлері аудан әкімі Жасұлан Естенов, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлім басшысы Күлжан Дүйсенова мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Бекмырза Жүсіптің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях