Өнерлі өреніміз жеңіспен оралды

Өнерлі өреніміз жеңіспен оралды

Қарасайлық жас әнші Нұрлыбек Сапарбай Алматы қаласында өткен «Бозторғай» халықаралық балалар байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Дана халқымыз «Өнерлі өрге жүзер» демекші, өнер – адам баласының ең ізгі қасиеттерінің бірі. Бүгінде осындай ізгілікті өзіне серік етіп, ауданымыздың мерейін үстем етіп жүрген жас таланттарымыз баршылық.

Жақында, яғни, 1 маусым күні Алматы қаласының орталық алаңында XXI  халықаралық «Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы өткен болатын. Оған біздің ауданымыздағы «Қалбибі» өнер студиясының шәкірті, 11 жасар өнерпаз Нұрлыбек Сапарбай да қатысты. Қазақстан атынан өнер көрсеткен жас талант иесі Қазақстаннан басқа, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларуссия секілді елдерден жиналған құрбы-құрдастары арасында өзінің ерекше дауысымен көзге түсті. Аудандық және облыстық кезеңнен іріктеліп шыққан жас өнерпазымыз байқаудың бірінші күнінде  халықтық орындау, вокал және дәстүрлі ән жанры бойынша сынға түсіп, «Молдабай» әнін орындаса, екінші күнде әлемге танымал француздық туынды – «Парден муар» әнін орындады. Байқаудың қорытындысы бойынша жиналған жұртты әдемі дауысымен баурап алған Нұрлыбек Сапарбай бас жүлде мен таяуда Беларуссия мемлекетінде өтетін «Славянский базар» байқауына жолдаманы жеңіп алды.

90 жылдығын тойлағалы отырған ауданымыздың қуанышын еселеткен жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтай отырып, оған алдағы уақыттарда да үлкен жетістіктер тілейміз!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях