Қолдаушылар форумы өтті

Қолдаушылар форумы өтті

9 маусым күні өтетін Қазақстан Президентінің сайлауы нәтижесінде елімізде Елбасыдан кейін халық сайлаған Мемлекет басшысының кім болатыны анықталмақ.

Осыған орай бүгін ауданымыздағы Қаскелең қаласының орталық стадионында  «Nur Otan» партиясы ұсынған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастар форумы өтті. Аудандық штаб мүшелерінің қатысуымен өткен жиында алдымен  аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық штаб жетекшісі Ақшолпан Марат сөз алып, осы уақытқа дейін  желілік кестеге сәйкес  115 іс-шара ұйымдастырылғандығын айтты. Сондай-ақ, еліміз бойынша жарияланған «BIRGE» акциясы аясында 14 194 ұсыныс-тілек қабылданып, жинақталды.

Шараның тізгіні әрі қарай штаб мүшелері: Сағат Мәсімақынов, Несіпбала Абділдаева, Ақылия Бекбайқызы, Аида Ақшалованың сөйлеуімен жалғасты. Олар осы ретте жиналғандарды кандидатқа дауыс беруге шақырды. Сондай-ақ, форум аясында ұлттық құндылықтарға негізделген әндер шырқалып, патриоттық сезімге бөлейтін жігерлі рух сыйлағандай болды. Шараның соңы аудан жастарының әдем әуеннің ырғағымен қойылған флешмобымен аяқталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях