Мекенжай анықтамасы үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ  

Мекенжай анықтамасы үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ   

Бұдан былай мемлекеттік органдар азаматтарды мекенжай анықтамасын алып кел деп ешқайда жұмсамайды. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев деп жазған Facebook-тегі парақшасында  деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің хабарлауынша, мекенжай анықтамасынан бас тарту жөнінде оң шешім табылған.

– Мекенжай анықтамасының қажеттілігіне күмән келтірген жазбамды жариялаған соң өздеріңізден көптеген ұсыныс-пікір келіп түсті. Бұл анықтаманы біріншіден, мемлекеттік мекемелер жиі талап етеді, әйтсе де, олардың сұратуға құқығы жоқ. Екіншіден, Еңбек кодексінде мекенжай анықтамасын талап ету туралы баптың жоқтығына қарамастан жеке ұйымдар да оны жиі сұратады екен. Дегенмен мекенжай анықтамасын қажет деп санайтындар да бар болып шықты. Олар аталған анықтаманың қажет екеніне түрлі себепті уәж ете отырып, көзқарасын білдірді. Біз өздеріңізден келіп түскен барлық ұсыныс-тілекті ескердік, – деп жазды Асқар Жұмағалиев

Министрдің мәліметінше, егер азаматқа мекенжайы туралы анықтама қажет болса, азамат оны халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алады.

– Осы мақсатта пилот жобаны іске қоспақпыз. Кадр қызметкері немесе мекенжай анықтамасын сұратушылар  жұмыс істейтін  азамат  SMS-хабарлама арқылы рұқсат бергенен кейін Egov.kz порталына кіріп, өздері анықтаманы жүктеп алуына болады. Бүгінде 7 миллионнан астам қазақстандық “Мобайл азамат” базасында тіркелген, бұл осынша азаматтың SMS-хабарлама арқылы үшінші тарапқа мекенжай анықтамасын алуға рұқсат беруге мүмкіндігі барын аңғартады, – дейді министр.

Ал қалған азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, телефон нөмірін тіркетуге тура келеді. Бұған бірнеше минут қана кетеді және оның бірнеше артықшылығы бар: 25 сервис пен анықтаманы электронды қолтаңбасыз Telegram арқылы алуға болады.

– Құрметті мекенжай анықтамасын талап етушілер! Жақын болашақта ҚР Ішкі істер министрлігі және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, пилот жобаны іске қосу күнін белгілейміз. Осыдан соң азаматтардан мекенжай анықтамасын талап етпей, оны үшінші тараптың сервисі арқылы өздеріңіз алатын боласыздар. Көмек қажет болса, ХҚКО қызметкерлері сіздерге кеңес беруге әрқашан дайын, – деп мәлімдеді Facebook-те Асқар Жұмағалиев.

Еске салайық, 2019 жылдың қаңтар айында Асқар Жұмағалиев мекенжай анықтамасын талап етуден бас тартуды ұсынған еді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях