Жаңашамалған ауылдық округінде жаңа әкім

Жаңашамалған ауылдық округінде жаңа әкім

Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Назарбаева күні кеше халық қалаулыларының таңдаған сайлау нәтижесі бойынша Жаңашамалған ауылдық округінің жаңадан тағайындалған Алпамыс Айдаровты жаңа жұмыс орнына отырғызды. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Айжан Нұрділдақызы алдымен Алпамыс Айдынұлының өмірі мен осы уақытқа дейін атқарған қызмет жолы жайында мағлұмат беріп, ауыл басшысын көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар, жаңа лауазымға тағайындалған округ әкіміне қашанда жұртшылықпен тығыз байланыста болып, қариялардың ақылына құлақ асып, халықпен жиі қарым-қатынаста болуын сөз етті. Өз кезегінде ауыл ақсақалы Бажит Анисов жаңа ауыл әкіміне ауыл тұрғындарының атынын ізгі тілегін білдіріп, өзіне жүктелген міндетін абыроймен атқаруын тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях