Жастарды белсенді болуға шақырды

Жастарды  белсенді болуға шақырды

Жастар ресурстық орталығы аудандық кітапханада  жиын ұйымдастырды. Мұндағы басты  мақсат – жастардың белсенділігін арттыруға арналды. Алқалы басқосуға ауданның белсенді ардагерлері,  музей жетекшілері және  студенттер қатысты. Алдымен, Қаскелең мәдениет колледжінің білімгерлері Айсұлу Жұмашева мен Мейрамбек Шерипбаев және Сүлеймен Демирел университетінен Елмұрат Ораз еліміздің дамуына қосар үлестері жайында сөз етті.   Соның ішінде санасы сергек, жоғарғы технологияларды меңгеруге бейім, жаңа ұрпақ тізімін құру мақсатында, жастардың қоғамдық және саяси өмірін арттыру аясында әңгіме өрбітті.

Жастардың жалынды талпысын байқап, пікірлеріне құлақ асқан  «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев, Қаскелең қаласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева және ардагер ұстаз Баян Мұхамедиярова оларды қолдап, ризашылықтарын білдірді. Міне, осындай еліміздегі ең негізгі күшті құрайтын жастардың білімді, өз құқығын толықтай білетін, қорғай алатын азаматтар болып қалыптасқандығы мемлекетіміздің одан әрі дамуына, дұрыс бағытта жұмыс жасауына қосар үлесі шексіз.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях