Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО саммитінде төраға болуы мүмкін

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО саммитінде төраға болуы мүмкін

29 мамырда өтетін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) саммитінде Нұрсұлтан Назарбаевты осы одақтың құрметті төрағасы етіп тағайындауы мүмкін, деп  хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл жайында Ресейлік «КоммерсантЪ» газетінде жарияланған.

Басылым хабарлауынша, бұл шешім 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесінде одаққа мүше президенттердің қатысуымен өтетін жиында қабылданады деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшылары одақтың бес жылдығы мен оның нәтижелерін талқылайды, сондай-ақ осы уақытта дейін жеткен нәтижелер қарастырылады.  Одаққа қатысты адамдардың сөзінше, ол бұл күні Еуразиялық экономикалық одақтың төрағасы болып Нұрсұлтан Назарбаев  тағайындалады. Қазіргі уақытта мұндай лауазым жоқ. Сондықтан да Назарбаевтың құзыреті әлі белгіленбеген.

– Әзірше оның одақты басқа елдерге таныстыратыны белгілі. Ал оның құзіреті одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері алдымен 29 сәуірде талқылайды, кейін 30 сәуірде мемлекет басшылары талқылайды. Ақырғы шешім 29 мамырда мерейтой жиынында қабылданады, – делінген газетте.

Айта кетейік 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан еді. Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған. Ол оған дейін Парламенті Сенатының Төрағасы қызметін атқарған. ҚР президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 9 маусымда өтеді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях