«Медеу» мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды

«Медеу» мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды

«Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы қазан айының екінші жартысында ашылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласының спорт ғимараттары дирекциясының директоры Наиль Нуровтың айтуынша, мұз айдынында барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс.

«Біз пандемияға байланысты арнайы алгоритм жасадық. Биылғы маусымның басты міндеті – қонақтарымыздың денсаулығына төнетін қауіпті мейлінше азайту. Соныдықтан барлық санитарлық талаптар ескеріліп, оның орындалуы назарда болады», – дейді Алматы қаласының спорт ғимараттар дирекциясының басшысы Наиль Нуров.

Сонымен қатар, Н.Нуров стадионда күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілгенін түсіндірді. Касса алдында ұзын-сонар кезек пайда болмас үшін мұз айдынының әкімшілігі радикалды және тиімді шара қолдады. Яғни, кассалар жұмыс істемейді және кіру билеттерін тек www.medey.info сайты арқылы сатып алуға болады. Келушілер орталық кіреберіс арқылы кіріп, солтүстік-шығыс қақпасы арқылы шығады.

«Тағы бір маңызды сақтық – келушілердің санын шектеу. Мұз айдынында бір уақытта 2 мыңға жуық қана адам болады. Жаяу жүргіншілер аймағы мен мұздағы әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын қадағалайтын стюардтардың саны едәуір артады», – деп қосты ол.

Айта кетейік, сырғанау маусымның ашылуы ауа райына ғана емес, қаладағы эпидемиологиялық жағдайға да байланысты болады. Мұз айдынына СЭС мамандары толық көлемде тексеру жүргізеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях