Танымал тұлғалар  халыққа қызмет көрсету орталығында

Танымал тұлғалар  халыққа қызмет көрсету орталығында

Кеше    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалының  Талдықорған қаласындағы МХКҚ орталығында бірқатар танымал тұлғалар автожүргізушілерге қызмет көрсетті.  Мемлекеттік маман ретінде шақырылған  әнші,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері – Қанат және Айтгүл Құдайбергеновтер және  айтыскер ақын – Айтақын Бұлғақов тұрғындарға жан-жақты кеңес беріп, өздерінің бағыттарынан бөлек, қоғамдық ортада қалай жұмыс жасай алытындарын  іспен дәлелдеді.   Бұдан бөлек,  азаматтарға өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында онлайн алу жолдарын көрсетіп, цифрлы сауатты болуға шақырды.

Сондай-ақ,  осы  күнде қиындығы мен қызығын қатар көрген өзге маман иелері алған әсерлерімен бөлісті.  «Елімізде цифрландыру бағытында көптеген жұмыстар қолға алынып жатыр. Үйден шықпай-ақ қызметті алуға толық мүмкіндік жасалған. Біз қызметтерді онлайн алудың еш қиындығы жоқ екендігін көрсетудеміз. ХҚО қызметкерлерінің жұмысының оңай емес екенін өзім басымнан өткеріп түсіндім. Халықпен күнделікті қоян-қолтық жұмыс жасау оңай шарауа емес»,- деген Қанат Құдайбергенов таңғалысын жасыра алмады. Ал,  айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов алған әсерін өлең жолдарымен былай жеткізді:

ЦОН да болса жұмысың,

Жеделдетіп бітірер,

Электронды барлығы

Жайымыз жоқ күттірер.

Қызмет алуға келушілер танымал тұлғалардың қолынан анықтама алып қана қоймай, мүмкіндікті пайдаланып, естелік суретке түсті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях