Үздік ауыл әкімі анықталды

Үздік ауыл әкімі анықталды

Мемлекет басшысының жолдауында айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Үздік аул әкімі» республикалық байқау өз мәресіне жетті. Аталмыш конкурстың қорытындысы бойынша үздік ауыл әкімі болып Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінің әкімі Данияр Қоңырбаев атанды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауылдық елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосатын үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауда Д. Қоңырбаев дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинап, 1 жүлделі орынға                            ие болды және өз аймағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жобасын сәтті қорғап шықты. Ал, жүлделі екінші мен үшінші орынды Ақмола облысы мен Павлодар облысы иеленді.

Сондай-ақ, «Үздік әлеуметтік-экономикалық жоба» номинациясы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округінің әкімі Мұратбек Арыстамбековке, «Халыққа ашық әкім» номинациясы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Центральный ауылдық округінің әкімі Самат Мейрмановқа, «Үздік іскер-шаруа әкім»  номинациясы Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Мәди Өтеғалиевке табысталды.

Республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары                               ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жаилғанованың атынан  грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях