Қуаныш Құрманбаевтің вокал студиясы

0
3608

Ауданымызда вокал студиясының бар екенін көпшілігіміз біле бермейміз. Жақында, Қаскелең қаласында «Қуаныш Құрманбаевтың вокал студиясы» ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Іске кіріскеніне бір ай толмаса да 15-ке жуық шәкірт тәрбиелеп отырған ұжым вокалдан, сахна мәдениетінен, домбырадан, фортепиянодан сабақ береді және дыбыс жазады, ән өңдейді. 5 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді қабылдап, тәлім беретін өнер бірлестігінің мақсаты айқын.

Енді тәй-тәй басып келе жатқан ұжым алғашқы қатысатын байқауына  да дайындықты бастап кеткен. Қаңтардың 20-сы күні болатын республикалық Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған «Жырлайды жүрек» жасөспірімдер ән-жыр додасында бақ сынауға ниетті.

  • Болашаққа қойған жоспарларымыз көп. Студия ауқымын кеңейту, шәкірттерімізді түсірілімдерге алып бару, ең бастысы үлкен әншілермен дуэт жазуға дейін апарамыз,- дейді студияның меңгерушісі Қарлығаш Сырлыбекқызы (суретте).

Болашақта атақты жұлдыздармен екі айда бір рет кездесіп, сабақ алу

жүргізіліп тұрады деп жоспарлануда. Аталмыш мекеме Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 22 «б», «Сұлулық- денсаулық орталығы» ғимаратының 3- қабатында орналасқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь